Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәжікстан мен Өзбекстанда жер сілкінісі болды

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2024
  • 130

Ташкенттің және қала маңындағы елдімекендердің және Ферғана алабының тұрғындары жел сілкінісін сезді. Сондай-ақ, 2024 жылдың 23 қарашасында түстен кейін болған жер сілкінісі Тәжікстанда да сезілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жер сілкінісі ошағы Қырғызстанда тіркелді. Бұл туралы осы елдің ТЖМ Республикалық сейсмомониторинг орталығы ақпарат таратты:

"Жер сілкінісінің ошағы Ташкенттен оңтүстік-шығысқа қарай 290 шақырымда орналасқан Ош облысының Чон-алай ауданында тіркелді. Мұнда 5,3 магнитуда тіркелді. Жер сілкінісі ошағының тереңдігі - 10 км".

Өзбекстан астанасындағы жер асты дүмпулері кейбір аудандарда 2 баллды құрады. Ташкент облысында, сондай-ақ Ферғана алқабының аудандарында да жер сілкінісінің толқыны осындай болды. Душанбеде жер сілкінісі іс жүзінде сезілмеді. Қирандылар туралы ақпарат болған жоқ.