Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанай облысында пошта қызметкері зейнеткерлердің атынан миллиондаған теңге несие алған

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2024
  • 100

Қостанай облысында полиция қызметкерлері зейнеткерлердің атынан несие мен микронесиелер рәсімдеген пошта қызметкерінің алаяқтық әрекеттерін анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Пошта қызметкері зейнеткерлерден хат немесе зейнетақыны алу үшін суретке түсуді сұраған. Кейін бұл суреттерді пайдаланып, мобильді қосымшалар арқылы олардың атынан несие мен микронесиелер рәсімдеген.

«Оның алаяқтық әрекеттерінен Қостанай ауданының бес зейнеткері зардап шекті. Мысалы, екі зейнеткердің атынан әрқайсысына 1 миллион теңгеден несие алынған, ал қалғандарына микронесиелер рәсімделген», – деді полиция өкілдері.

Зейнеткерлерге келтірілген жалпы шығын көлемі 2,3 миллион теңгені құрайды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.