Русский Сайттың толық нұсқасы

«Мұз» акциясы: бір адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2024
  • 135

«Мұз» үгіт-профилактикалық акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, акция аясында Павлодар облысының аумағында азаматтарға мұзда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін жеткізіп, оларды мұз қату кезеңінде туындайтын қауіптер туралы ескертуді мақсат еткен рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Акцияға ТЖМ құтқарушыларынан басқа ІІМ, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның қызметкерлері мен еріктілер қатысты.

Нұсқаулықтармен 152 адам, оның ішінде 31 балықшы қамтылды, аңшылық-балық аулау дүкендеріне келушілер де шетте қалмады. Әкімшілік жауапкершілікке бір адам тартылды, - делінген мәліметте.