Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңа жыл қарсаңында тірі шыршаларды қорғау қолға алынбақ

  • AstanaTV
  • 23 қараша 2024
  • 83
Елімізде Жаңа жыл мерекесі аясында қылқан жапырақты жас өскіндерді қорғауды күшейту шаралары қолға алынады, - деп хабарлайды Massaget.kz Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 1 желтоқсаннан бастап құқық қорғау органдарының мобильді топтары жұмысын бастайды.

"Жаңа жыл мерекелеріне дайындық кезеңінде қылқан жапырақты ормандарды қорғау мақсатында 2024 жылы орман шаруашылығы қызметкерлері қылқан жапырақты түрлердің жас өскіндерін қорғау шараларын күшейтеді. 1 желтоқсаннан бастап құқық қорғау органдарының мобильді топтары жұмысын бастайды, басты міндеті - заңсыз ағаш кесудің алдын алу", - делінген комитет хабарламасында.

Жаңажылдық шыршаларды дайындауды тек жоспарлы кесу жұмыстарының аясында жүзеге асыруға рұқсат етіледі, ал оларды сату үшін тек тиісті құжаттар болуы тиіс.

"Орманшылар азаматтарды орман ресурстарына қамқорлықпен қарауға және белгіленген ережелерді сақтауға шақырады", - делінген хабарламада.