Түркістан қаласында «Түркістан Арена» стадионында Қазақстан лига кубогының алғашқы жеңімпазы анықталды, - деп жазды KAZINFORМ.
Кубок үшін «Астана» және «Жеңіс» командалары сынға түсті.
Биыл Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған астаналықтар фаворит саналғанымен, негізгі уақытта есеп ашылған жоқ. 104-минутта Марин Томасовтың пасынан кейін «Астана» сапындағы Карло Бартолец мергендік танытты. Соңғы сәтте Усман Камара есепті 2:0-ге жеткізді.
Бірінші рет өткізілген лига кубогының жүлде қоры 450 млн теңге болатын. «Астанаға» соның 129 миллионы тисе, «Жеңіске» 89 млн теңге берілмек.