Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңа жыл қарсаңында орман қорғау шаралары күшейтілді

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2024
  • 43

Елімізде Жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау жұмыстары күшейтіліп, ормандарда мониторинг жүргізу 1 желтоқсаннан басталады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Комитеттің мәлімдеуінше, мобильді топтардың жұмысына құқық қорғау органдарының қызметкерлері де қатысады. Негізгі міндет – қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесуге жол бермеу.

«Жаңа жылдық шыршаларды дайындау тек жоспарлы кесу шеңберінде рұқсат етіледі, ал оларды сату тек тиісті құжаттардың болуы арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Орманшылар азаматтарды табиғат ресурстарына ұқыпты қарауға және белгіленген ережелерді сақтауға шақырады», – делінген хабарламада.

Орман шаруашылығы мамандары заңсыз ағаш кесудің табиғатқа келтіретін зиянын ескере отырып, азаматтарды орман байлықтарын қорғауға үлес қосуға үндейді. Бұл шаралар орман ресурстарының сақталуын қамтамасыз етіп, табиғи тепе-теңдікті қорғауға бағытталған.

«1 желтоқсаннан бастап мобильді топтар ел аумағында жүйелі бақылау жұмыстарын жүргізеді. Құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, заң бұзушылықтардың алдын алу және анықтау үшін орман алқаптарында тексеру жұмыстары күшейтіледі», — делінген хабарламада.

Экологтар мен орман қорғау қызметі Жаңа жыл мерекесінде табиғатты қорғау – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін еске салады.