Русский Сайттың толық нұсқасы

Димаш Құдайберген Прагадағы концертінде 9 жасар жанкүйерімен бірге ән шырқады

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2024
  • 42

Прагада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті. Қазақстандық өнерпаз Чехия астанасында екінші рет шоу жасады. Бұл туралы dimashnews.com сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алғаш рет «Арнау» гастролі аясындағы концерті 2022 жылы өтсе, екі жылдан кейін «Stranger» атты жаңа бағдарламасы Sportovní hala FORTUNA аренасында өнерпаздың жанкүйерлерін қайтадан жинады.

Концерт ұйымдастырушылары екі жыл бұрын да дайындыққа қатысқандарын айтты. Биылғы жылы компания әртістің Еуропадағы екі концертінің ресми ұйымдастырушысы ретінде әртістің өзімен және «DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаевпен тығыз жұмыс жасауда.

2024 жылдың қыркүйегінде Астанада өткен концерттік-шоу бағдарламасы Димаштың орындауындағы Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылған болатын. Сол үрдіспен бұл кеште де ол әнұран шырқады, бірақ қабылдаушы елдің Чехияның әнұранынан бастады.

Концерт барысында Димаш 9 жасар София есімді музыкамен айналысып жүрген қызды сахнаға шақырды. Жас вокалист еш қиналмастан үлкен сахнадан Уитни Хьюстон әнінің үзіндісін орындап, көрерменнің қошеметіне бөленіп, Димаштың өзінен гүл шоғын алды.