Русский Сайттың толық нұсқасы

Бензин бағасы өсуі мүмкін бе?

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2024
  • 97

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев алдағы уақытта бензин бағасы өсуі мүмкін екенін айтып, оның негізгі себебін түсіндірді, деп хабарлайды KAZINFORM.

«Қазір біздегі нарықта тапшылық бар. Тапшылықты жабу және энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары атқарылып жатыр. Модернизацияны жүзеге асыру үшін салаға ақшаны салу қажет. Мұнай өнімдерінің бағасына жабдықты сатып алуға, техникалық қызмет көрсету мен өзге де шығындарына, логистикаға, жаңа құбырлар мен теміржол инфрақұрылымын салуға тартылған несиелер кіреді. Осы жұмыстардың барлығы мұнай өнімдерінің базалық құнына әсер етеді», - деді А. Сәтқалиев Парламент Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, жанармайдың соңғы құны ішкі нарықтағы мұнай бағасының қандай межеде қалыптасуына байланысты болады.

«Қазір ішкі нарықтағы мұнай бағасы көршілес елдермен салыстырғанда ең төмен, мұнай өнімдерінің бағасы да төмен деп айта аламыз. Ал егер нарық ашылса, біздің арзан өнімдеріміз (көрші елдерге) тарап кетеді. Соның салдарынан жанар-жағармай бағасы күрт өсуі ықтимал», - деді министр.