Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жер аманаты» жобасы аясында Қостанай облысында 3 жылда 1 миллион гектар жер қайтарылды

Қостанай облыысында заңсыз берілген жерлерді және қолданылмай жатқан алқаптарды қайтару жұмысы қарқынды жүріп жатыр. «Жер аманаты» жобасы аясында 3 жылдың ішінде 1 миллион гектардан астам жер мемлекет меншігіне өтті. Тобыл өңірі тұрғындарынан түсетін шағым-өтініштердің 90 проценті жайылым және шабындық тапшылығына қатысты. «AMANAT» партиясының бастамасы аясында 4 мыңға жуық өтініш қаралған.Нәтижесінде 3 жылдың ішінде 1 миллион гектар жер халық игіліне қайтарылды. Былтыр 356 мың гектар, биыл 185 мың гектар жер мемлекет меншігіне өткен. Жер учаскелерін өз еріктерімен қайтарғандар бар. 68 мың гектар сот арқылы алынған. Жылдық жоспар толық орындалды дейді, аймақтық комиссия өкілдері. 

БОЛАТ СҰЛТАНОВ, «ЖЕР АМАНАТЫ» АЙМАҚТЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Оның 70 пайызы жайылымдық жерлер.30 пайызы басқа алқаптар.Негізгі алдымызға қойған мақсат 123 пайызға орындалды.2022 жылдан бастап бүгінгі таңға Қостанай облысы бойынша «Жер аманаты» партиялық жобасы аясында 1 миллион гектар жер қайтарылып отыр.