Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда «AMANAT» партиясының мүшелері әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелерін қаузады

Қызылжарда «AMANAT» партиясының мүшелері әскери-патриоттық тәрбиелеу мәселелерін қаузады. Бүгінде заңнамада аталған бағытта өзгерістерді енгізу мәселелері қаралып жатыр. Мәселен, әскерге шақырту алған сарбаздар мемлекеттік грант бойынша міндетті өтеуден босатылуы мүмкін. Сондай-ақ, олардың әскери борышын атқару кезінде негізгі жұмыс орны, жалақысы сақталады. Тіпті бұл аралықта орташа еңбекақының төленуі де ықтимал. Игі жобаға жетекші партия ардагерлік ұйымдармен бірлесе мұрындық болып отыр. 

ШАМИЛЬ ШАКИРОВ, СҚО БОЙЫНША АУҒАНСТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің одақ білім басқармасы және әскери бөлімдермен әскери-патриоттық жұмыстар бағытында үш жақты меморандумға қол қойды. Мұндай талапты бізге ел президенті міндеттеп отыр. Сондықтан біз бұл жобаның дұрыс орындалуын жіті назарымызға аламыз.