Русский Сайттың толық нұсқасы

Қайтарылған қаражатқа Атырау облысында мектеп салынады

Мемлекетке қайтарылған қаражатқа Атырау облысында мектеп салынады. Қызылқоға ауданы Жамансор ауылында 150 орындық білім ошағы бой көтермек. Ол үшін Үкімет 2 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдаған. Қазір өңірде 60 орынға бейімделген ғимаратта орналасқан бастауыш мектеп қана бар. Ата-аналар 4-сыныпты бітіргеннен кейін оқушыларды 60 шақырым қашықтағы орналасқан мектеп-интернатқа апаруға мәжбүр. Жоғары сынып оқушылары көршілес елдімекендерге қатынап оқиды. Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша талаптарға және санитарлық нормаларға сәйкес балаларды сапалы оқыту үшін жағдай жасалмақ. Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен еліміздің өңірлерінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда.

АЛМАГҮЛ АМАНОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Мынау жақсы жаңалықты естіп қуанғаннан осы жерге келіп, біздерде қазір тек бастауыш мектебі ғой. Бастауыш сынып мектебін бітергеннен кейін балаларымыз тек қана осы Қызықоға районынан емес, басұа райондарға кетуге тура келеді. Балалардың тоғызжылдық мектебі салынғалы біз үшін, салында деп жатқанының өзі біз үшін үлкен қуаныш. Жүзеге асса тұрғындардың атынан үлкен алғысымызды айтамыз.