Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысының 78 проценті көгілдір отынмен қамтылған

Қызылорда облысының 78 проценті көгілдір отынмен қамтылған. Олардың қатары тағы да 4 ауылмен толықты. Тұрғындар бұған дейін от жағып, бірнеше шақырым жерден көмір тасып әбігерге түсетін. Оның бағасы да қалталарын қағатын. Қыстың қытымыр суығы басталмай табиғи газге қосылған ауыл халқы дән риза. Сырдария және Жалағаш аудандарына арнайы сапармен барған облыс әкімі ауылдарды табиғи газге қосып, тұрғындармен тілдесті.

Өткен жылы Сырдария ауданының бюджеті 12 млрд теңге болса, биыл 16 млдр теңгеден асады. Бұл қаражат аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуге бағытталуда. Соның негізгісі Тоқмағанбетов және Сейфуллин ауылдарының газге қосылуы. Бірнеше жылдан бері отын жағып, күл шығаратын ауыл тұрғындары машақаттан құтылғандарына қуанышты.

АҚЕРКЕ ЖАҚСЫЛЫҚОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Бұрыңғы уақытта біздың орнына газ баллонмен пайдаланылған. Оны біз тасымалдаймыз. Аудан орталығынан ауылға жеткізу қарастырылмаған. Оны әркім жеке өзі тасымалдайды. Ол бізге балаларға, үйге болсын өте қауіпті нәрсе. Қазір енді табиғи газ қосылып өте жақсы болып жатыр. Қуанышымыз еселеп жатыр.

Жалағаш ауданының да даму деңгейі қарқынды. Соңғы 3 жылда ауданда 4 млрд 400 млн теңгеге ауыл ішілік және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өткен. Ауыз су жүйелері мен электр желілер де жаңартылған. Ал енді Шәменов және Ақсу ауылдары газге қосылды. Мұндай іргелі бастамаларға ауыл халқы дән риза.

МЕРУЕРТ МЫРЗАБЕКОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:

Осы ауылға келін болып түскенімен қазір 36 жыл болды. 36 жылдан бері көмір жағатынбыз. Тамақ істеуге газ баллон жағатынбыз. Мынау 2 айдың көлемінде ауылымызға газ келіп жақсы болып қалды. Бұрын орнымыздан тұрсақ үйіміз салқын болатын. Қазір жып-жылы. Жұмыстан келсек те жып-жылы.

Қос ауданның ауылдарын аралап, көгілдір отынға қосқан аймақ басшысы тұрғындармен де тілдесті. Өңірде атқарылып жатқан ауқымды жобалар мен бастамалармен бөлісті.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Бұл жұмыстарды біз әріқарай жалғастырамыз. Көп қаражат бұған бөлініп жатыр. Үлкен ЖЭО қаламызда салынып жатыр 215 млд-қа. Соны да көгілдір тоынмен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 15 млрд теңге қаражат бөлінді. Біздің де ол көптен күткен арманымыз. 240 мгвт электр энергиясын шығарады. Бізге қажеті 180. Қаламызды толық жылумен қамтамасыз етілетін болады.

Биыл аймақта 30 млрд теңгеден астам қаржыға 306 шақырым газ желілері тартылған. Келесі жылы 10-нан аса елді-мекенді газдандыру жоспаланып отыр.