Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2024
  • 76

Биыл 804 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Оның 200 мыңнан астамы – жастар. Одан бөлек, 9 мыңға жуық азамат өзінің бизнес-бастамасын жүзеге асыру үшін грант алды. Бұл туралы Президентке Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова баяндады. Мүмкіндігі шектеулі жандарды қорғауға бағытталған инклюзивті модель іске қосылады. Ал, атаулы әлеуметтік көмек көрсету келесі жылдан бастап жан басына шаққан қаржыландыру жүйесі арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, министр мемлекет басшысына еңбек нарығын қадағалауға арналған бірегей жобап жайлы ақпарат берді. Қазірдің өзінде мамандарға деген сұранысты талдап, болжайтын тұғырнама жалпы құны 33 триллион теңге болатын 755 инвестициялық жобаны сүйемелдеп отыр. Оны жүзеге асыру аясында 150 мыңға дейін жұмыс орнын құру жоспарланған. Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саясатты жетілдіру еңбек салаларындағы шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар тапсырма берді.