Маңғыстау облысы Жетібай кентінде көршісінің үйіне оқ жаудырған күдіктілер әлі қолға түскен жоқ. Ал жәбірленген отбасы мүшелері туыстарының үйін паналап жүр. Тұрғындар көшеге шығуға қорқып қалған. Зардап шеккен Сандуғаш Милгалиева баспанасын атқылағандарды жақсы танимын дейді. Оларды кешірмейтінін айтып отыр.
Сандуғаш Милгалиева, жәбірленуші:
Менің
қызымды байқап қалып, оқ атқан. Қайта қызым тығылып үлгерген. Күйеуім терезеден
оларға не керектігін, бұл үйде жас балалар, аяғы ауыр әйел барын айтқанда, ешқайсысы елемеді.
Қарулы
шабуыл жасалған кезде үйде екі ересек адам мен үш бала болған. Бір топ жігіт
ешбір себепсіз үйді жан-жағынан атқылай бастапты. Үй иесінің айтуынша, бұзақылардың үшеуінде қару болған. Бәрі бетперде киіп алған. Бірнеше минут бойы
атылған оқтан үй ішіндегілер терезе астына жасырынуға мәжбүр болыпты.
Күдіктілердің бірі сол жерде қалта телефонын түсіріп алған. Ол құқық
қорғаушыларға тапсырылыпты.
Жазира Әбіл, Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
Алты
күдіктінің тұлғасы бізге қазір белгілі. Оларды ұстау шаралары
жүргізілуде. Қылмыстық кодекстің 293 бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Ол «Бұзақылық». Сотқа
дейінгі тергеу амалдары басталды.