Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркістанда 142 азамат кешкі сегізден кейін көшеге шығамын деп түрмеге түсіп қалды

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2024
  • 133

Түркістан облысында 142 азамат пробация талаптарын бұзған соң, түрмеге қайта қамалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Облыс прокуратурасының хабарлауынша, құзырлы орган қараша айының ортасында, кешкі сағат 20:00-22:00 арасында «Қадағалау» атты шара өткізген.

«Акция аясында прокурорлар облыстағы 17 қала мен ауданды аяқ асты тексерген. Олар мерзімінен бұрын босап шыққан 321 адамның үйінде бар-жоғын тексеріп, 9 адамның заң бұза, үйінде отырмағанын анықтаған. Прокурорлар осы 9 адамның ішінде 2 адамды қайтадан түрмеге қамау туралы ұсыныс жолдап, соттан жауап күтіп отыр», - деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Жалпы жыл басынан бері облыс прокурорлары түрмеден ерте шығып, пробация талаптарын бұзған 142 адамды анықтап, оларды сот арқылы қайта түрмеге жаптырған.