Русский Сайттың толық нұсқасы

ҰҚК шекара қызметінен 10 тапаншаның жоғалу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

  • AstanaTV
  • 12 мамыр 2017
  • 2296

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің академиясынан 10 Макаров тапаншасының жоғалу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Алмас Садубаевтың айтуынша, тапаншаларда оқ болмаған. Бұған дейін осы ақпаратты комитеттің баспасөз қызметі де растаған еді.

Алмас Садубаев, ҚР  ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры:

Бұл оқиға атыс алаңындағы жаттығулар кезінде орын алған болатын. Қазіргі уақытта атыс қаруының жоғалуы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қылмысты ашуға бағыттылған кешенді жедел іздестіру шаралары да қолға алынды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ