Русский Сайттың толық нұсқасы

Елдегі 59 теміржол вокзалының 54-і жөндеуді қажет етеді – Көлік министрі

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2024
  • 113

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында теміржол вокзалдарының жай-күйіне тоқталды, - деп жазды KAZINFORM.

«Жолаушылар тасымалына тоқталатын болсақ, 2024 жылдың 10 айында 17 млн 600 мың жолаушы тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға жоғары. Жыл соңына дейін 21 млн жолаушы тасымалдау жоспарланып отыр. Тасымалдау процесінің қолайлылығын қамтамасыз ету үшін теміржол вокзалдарын модернизациялау қажет», - деді министр.

Оның айтуынша, қазір тек Қызылорда, Шымкент, Павлодар және Түркістан қалаларының вокзалдары ғана толық күрделі жөндеуден өткен.

«59 негізгі теміржол вокзалының 54-і (жергілікті әкімдіктер балансында – 4, ҚТЖ балансында – 50) жөндеуді талап етеді. Қазіргі уақытта тек Қызылорда, Шымкент, Павлодар және Түркістан қалаларының вокзалдары толық күрделі жөндеуден өтті. Қалған вокзалдарды жөндеу бойынша қажетті техникалық құжаттар әзірленуде және қаржыландыру көздері мен механизмдері пысықталып жатыр», - деді Марат Қарабаев.