Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда «AMANAT» партиясының араласуымен жылу құбырлары реттелді

Қапталмаған құбыр - жылудың соры. «AMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалындағы партиялық бақылау комиссиясының араласуымен жылу желілерін қаптау жұмысы жолға қойылды. Қалаішілік жылу құбырларының қапталуына көңілі толмаған тұрғындар партияға шағым түсірген. Осы өтініштің ізімен партиялық бақылау комиссиясы дереу тексеру жүргізіп, жылу сақтайтын арнайы материал мен қаңылтыр ораманың жоқ екенін анықтады. Партиялық бақылау комиссиясының ескертуінен кейін жауапты мекеме өкілдері осы кемшілікті жойып, магистральді жүйелерді қалпына келтіру жобасын әзірлейтінін жеткізді. Комиссия материалдың сапасы мен технология тәртібі сақталуына да баса мән берді. Өйткені жылу тұрғын үйлерге толық жетуі үшін құбырдың сырты сапалы материалмен қапталуы тиіс, әйтпесе жылу желге ұшып, босқа ысырап болады, дейді партиялықтар.

НҰРХАТ ЖАНБОЗ, AMANAT ПАРТИЯСЫ БҚОФ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БОЙЫНША ИНСПЕКТОР:

Қапталып жатқан учаскелерде тексеріс жүргізіліп, бүгінгі таңда осы жұмыстар сапалы аяқталды. Қала тұрғындарына айтарымыз - осындай мәселелерді көріп жатса, байқап жатса, партиялық бақылау комиссиясына, AMANAT партиясына келіп, өтініш түсіруге болады. Өз тарапымыздан бақылау комиссиясы шығып, тексерістер жүргізіп, сәйкес ұсынбаларды атқарушы органдарға беретін болады.