Русский Сайттың толық нұсқасы

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновты қабылдады

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрін қабылдады. Ербол Мырзабосынов отандық спорт саласын кешенді реформалау жөнінде бұған дейін берілген Президент тапсырмаларының орындалу барысын баяндады. Балалар мен жасөспірімдерді дамыту, төрешілер мен мамандар біліктілігін арттыру, легионер санын азайтып, федерация жұмысын оңтайландыру бағытында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Қасым-Жомарт Тоқаев министрге алдағы уақытта өтетін халықаралық спорт додаларына дайындық деңгейін пысықтауды тапсырды. Сондай-ақ енді танылып келе жатқан падел спортын ілгерілетуге назар аударуды жүктеді. 

ЕРБОЛ МЫРЗАБОСЫНОВ, ҚР ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:

Бүгін Мемлекет басшысына министрліктің биылғы жұмысымен, 2025 жылға арналған жоспарын баяндадым. Өңірдегі спорт саласына жүргізілген талдау жұмыстары мен вертикальді басқару жүйесі туралы айттым. Туризм саласын дамыту аясында жоба іске қосылғанын жеткіздім. Ойын бизнесі, лотереяны реттеу комитеті құрылып, лудоманияға қарсы күрес жұмыстары жалғасатындығы айтылды.