Алматыда тепловоз бен автобус соқтығысты. Жол көлік оқиғасы бүгін Әуезов пен Гоголь көшелерінің қиылысында болды. Апаттан қоғамдық көліктегі 6 адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Полиция департаменті мұндай жол көлік оқиғасы соңғы 20 жылда болмаған дейді.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Қазіргі таңда мәлім болғандай қоғамдық көліктің жүргізушісі жол жүру ережесінің бір қатар нормаларын өрескел бұзу салдарынан осындай жол көлік оқиғасына осындай іс әрекеттері әкеп соқты. Жол көлік оқиғасының толық мән жайлары тергеу барысында анықталатын болады. Сараптамалар тағайындалды.