Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда «Қазақстан темір жолы» бастауыш партия ұйымының төрағасы сайланды

Атырауда «Қазақстан темір жолы» бастауыш партия ұйымының жаңа төрағасы сайланды. 5мыңға тарта қызметері бар мекемеде бастауыш партия ұйымы 22 жыл бұрын құрылған. Содан бері өңірдің түрлі саяси-әлеуметтік жұмыстарына белсене араласып келеді. Іргелі ұжыммен кездесуде филиал төрағасы Абдолла Идресов партиялық жобалар аясында жасалып жатқан жұмыстармен таныстырды. Бүгінде аймақта 24 мыңнан астам партия мүшесі бар, олар 106 бастауыш партия ұйымына топтасқан. Сайлаушылардың өтініші негізінде құрылған Жол картасы бойынша нақты мәселелер көтеріліп, шешімін тауып келеді. Кездесуде теміржолшылар өздерін толғантқан сауалдарды қойып, жауап алды. Жиын соңында белсенді партия мүшелері марапатталды. 

ЕРЛАН ТАРИХОВ, «ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛЫ» БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің теміржолшылар елімізде болып жатқан сайлауларға өте белсенді атсалысуда, қоғамда болып жатқан түрлі пікірлерге өзінің азаматтық ойын білдіріп, елдің болашағы үшін өз ұстанымдарын, пікірлерін білдіруде. Қазіргі таңда біздің бастауыш партия ұйымында 198 мүшеміз бар. Алдағы уақытта партияның жұмысын жүргізіп, белсенді азаматтар мен азаматшаларды қосып, жұмыс жүргізетін боламыз.