Русский Сайттың толық нұсқасы

AMANAT партиясы Әйелдер қанатының жұмысы ұлттық дәстүр мен құндылықтарға бағытталған

Қазақстандық әйелдерге қатысты ұлттық дәстүрімізге, ұлттық құндылықтарымызға бағытталған жеке бір үрдіс болу керек. Яғни,гендірлік теңдік бағытында өзгеше көзқарас қалыптастыру маңызды. Бұл- «AMANAT» партиясының хатшысы Шолпан Каринованың пікірі. Ол әйелдер қанатының негізгі бағыты отбасы құндылығын жоғарылату дейді. Себебі қазір ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас мәселелері қоғамда өзекті мәселеге айналып отырғанан айтады. Сондықтанда бұл бағытта партияда арнайы жобаларды ұсынып, іске асыруды көздеп отырмыз дейді. 

ШОЛПАН КАРИНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ, ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ең басты отбасылық мәселелер. Бала тәрбиесіне қатысты мәселелерді көбірек айтуымыз керек деп білдік. Сонымен қатар жалпы мына әлемде әйелдердің рөлін әртүрлі бағалайды, әртүрлі рейтингтер бар, әртүрлі көзқарастар бар. Ал енді мен айтатын едім біздің Қазақстандық қоғамдағы әйелдер қанатының жұмысына, жалпы әйелдердің ұстанымына тиісті Қазақстандық өзіміздің ұлттық дәстүрімізге, ұлттық құндылықтарымызға бағытталған жеке бір үрдіс болу керек деп есептеймін.