Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада құны бір бөлмелі пәтерге тең қол сағаты ұрланды

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2024
  • 68

Астанада 22,3 млн теңгеге бағаланған Breguet Classique grande Complication сағатын ұрлағаны үшін екі адам сотталды. Жалпы құны 36,1 млн теңге болатын бес сағат қолды болған, деп хабарлайды Zakon.kz

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәліметінше, 2024 жылғы 6 қаңтарда бірнеше адам қала орталығындағы пәтерлердің біріне кіріп, бес қол сағатын ұрлап кеткен:

Breguet Classique grande Complication құны 22,3 млн теңге;

Franck Muller Mariner құны 6,8 млн теңге;

Daniel Roth Papillon Chronograph құны 4,8 млн теңге;

Rado Sintra құны 1,3 млн теңге;

Garmin Fenix 7X құны 362 мың теңге.

Сондай-ақ сейфтен 500 мың теңге ұрланған. Іс материалдарына сәйкес, 46 жастағы ер адам және оның 61 жастағы сыбайласы жәбірленушінің сейфін ашқан. Ең қымбат сағаттар Шымкент қаласындағы "Алаш" базарында 800 мың теңгеге саудаға түскен.