Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы прокуратурасының алдында егде жастағы әйел өз тамырын өзі кесіп жіберген

  • AstanaTV
  • 26 қараша 2024
  • 104

Алматыда егде жастағы әйел прокуратура ғимаратының алдында тамырын кесіп жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әйелдің айтуынша, оны белгісіз адамдар алдап пәтерінен айырған, ал полиция істі жауып, күдіктіні босатып жіберген.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелдің сөзін жоққа шығарған. Полицияның хабарлауынша, алаяқтық фактісі бойынша Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Күдіктіні ұстау шаралары қабылдануда. Сонымен қатар, қазіргі уақытта жәбірленушінің дәлелдері тексеріліп жатқанын хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

Еске салсақ, өз қолын қанға бөктірген әйелді камераға түсіріп алған қыз ведомства қызметкерлерінің тіпті мән бермегенін, алғашқы көмек көрсетуге асықпайтындарын жеткізген.