Ертіс өңірінде жаңа жыл қарсаңында тірі шыршаларға деген сұраныс азайып барады, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
Облыстағы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарының айтуынша, өткен жылды желтоқсанында облысқа көрші елден бас мыңға жуық тірі шырша әкелініп, сатылған. Дегенмен, мереке символына айналған ағаштың 1,5 мыңы сатылмай қалған.
Демек, жергілікті тұрғындар жасанды шыршаларды қалап, қоршаған ортаға қамқорлығын көрсетіп келеді. Жаңа жыл қарсаңында жергілікті ормандарда өсетін шыршалар сатылмайды. Халыққа сатылатын қылқанжапыртылардың барлығы көршілес мемлекеттен тасымалданады. Дегенмен, жағдайды бақылауда ұстау үшін мереке қарсаңында табиғатқорғау акциясын ұйымдастырамыз, - дейді облыстық инспекцияның басшысы Руслан Түлепбаев.
Айта кетейік, желтоқсан айында «Шырша» жедел-алдын алу шарасы бастау алады. Мақсат – жас шыршалар мен қарағайларды кесуден қорғау. Қазіргі уақытта орман шаруашылығы мекемесі мен полиция қызметкерлерінен құралған мобильді топтар жасақталып жатыр. Сонымен қатар, орман алқаптары мен шырқа сату нүктелерінде бақылау күшейтіледі. Басымдық «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи резерватына берілмек.
Мамандардың хабарлауынша, шыршаларды отау әрекеті үшін 15 АЕК немесе 55 мың 380 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған. Сонымен қатар, қылмыстық жауапкершілік бар.