Қарулы күштердің жедел әзірлігін шыңдау мақсатында биыл 160-тан астам оқу-жаттығу өткен. Оның ішінде «Айбалта» мен «Ашық аспан» шараларын атап өтуге болады. Ал, еліміздің десанттық шабуылдау әскерлері халықаралық «Мызғымас бауырластық» жиынында жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Бұл- қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесі. Ведомство бүкіл құрылымдарын жинап, жыл қорытындысын шығарды. Биыл жеке құрам мен сержанттар және офицерлер қазіргі заманғы ұрыс тактикасын меңгеруге маңызды қадам жасады. Сонымен қатар, министр Руслан Жақсылықов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған аса өзекті мәселелерге қолбасшылардың назар аударуын сұрады. Ол – құқықтық тәртіптің және әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.