“Ауыл аманаты” жобасы аясында қарағандылық фермерлерге соңғы екі жылда 3 жарым млрд теңгеден астам қаржы берілген. Нәтижесінде 5 жүзге жуық азамат ауылда кәсібін дөңгелетіп отыр. Бұл туралы «Ауыл Аманаты» партиялық жобасын іске асыру бойынша аймақта өткен семинар-жиналыста айтылды. Кәсіпкерлер мен ауыл- аймақ басшылары жоба жемісімен бөлісті. Ең тиімдісі несие небәрі 2 жарым пайызбен берілген. Ауылдықтар оған төрт түлікті көбейтіп, егін екті. Ет, сүт өнімдерін шығаратын шағын шаруашылықтар көбейген. Сондай- ақ ауылшаруашылық техникаларын алғандар да бар. «Ауыл аманатының” мақсаты -кәсіпкерлікті дамыту ғана емес ауыл халқының тұрмысын жақсарту, ауыл басшыларына қолдау көрсету. Алдағы жылдары оларға бөлінетін қаржыны тағы ұлғайту жоспары бар.
ЭЛЬДАР ЖҰМАҒАЗИЕВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
“Әрбір ауылдың экономикасын көтеруге байланысты қазір біз үлкен әңгіме қозғап жатырмыз. Ол, бұның аясында әрбір ауылдық округтің экономикалық бағдаоламасын жазып шығару керек. Әкімдерін оқытуымыз керек. Олар халықтың алдында берген уәделері бар. Бірақ оны орындауға іске асыруға қолдары қысқа болып отыр. Себебі толыққанды бағдарламасы жоқ қолында. Біз соның бәрін жазып шығуға көмектесеміз”.
АҚЕРКЕ АМАНДЫҚОВА, КӘСІПКЕР:
”Ауыл аманаты”бағдарламасы бойынша 2,5 процентпен мемлекеттен қолдау алып 15 бас сиыр, сауынды сиыр алдым. Қазіргі таңда сүт өндірумен айналысамыз. Астана, Қарағанды, Теміртау, Майқұдық қалаларына доставка жасаймыз. Болашаққа жоспарымыз мал басын көбейту”.