Қазақстан мен Ресей арасында білім және ғылым саласында да ынтымақтастық терең. Көрші елде 60 мыңға жуық отандасымыз білім алуда. Ал бізде бір жарым мыңға жуық ресейлік студент оқиды. Қазақстанда Ресейдің жоғары оқу орындарының 6 филиалы ашылған.
Келер жылы Астанада Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының, ал Омбыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылмақ. Бұған дейін ресейлік оқу орындарының филиалы еліміздің 5 өңірінде ашылған еді. Қазір екі елдің жастары жоғары оқу орындарында емін-еркін білім алып жүр. Соның бірі - Марат Мейрамұлы. Ол қазір Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттык университетінде Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алуда.
МАРАТ АРСЕН, СТУДЕНТ:
Бұл жақта Қазақстандық жастар жеткілікті және де шетелдік студенттерге көптеген жағдай қарастырылған. Ең алдымсен жатақхана және қосымша өзінің студенттерге деген жағдайлары болады. Білім беру жүйесі өте артық ерекшеленеді. Себебі бұл жақта кезіндегі совет үкіметінде болған білім жүйесі бағытында жүріп жатыр әлі де.
Ал Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде Ресей Федерациясынан келген 36 студент бар. Соның бірі - Михаил Соколов. Оның мұнда жүргеніне биыл екінші жыл. Айтуынша, оған мұндағы білім беру жүйесі ұнайды.
МИХАИЛ СОКОЛОВ, Қ.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 4 КУРС СТУДЕНТІ:
Мұндағы білім сапасы өзіме ұнайды. Зерттеу лабораторияларында құрал-жабдықтар жаңа, бұл мамандығым бойынша тәжірибе жинауға көмектеседі. Оның үстіне, біздің университет шетелдік оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Олардың бірлесе ұйымдастырған жобаларына да қатысып көрдім.
Ресей мен Қазақстан жоғары оқу орындарымен бірге енді орта білім беру жүйесінде де қарым-қатынасты нығайтуды көздеп отыр. Енді Ресей аумағында да қазақ мектебін ашу жоспарлануда.
ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:
Ресей өңірінде қазақ қоғамы көп шоғырланған жерлерде қазақ мектебін ашу туралы қазір келіссөздер жүріп жатыр. Соның шеңберінде Қазақстанда да үш мектеп, қазақ тілді үш мектеп ресейде ашу қазір қарастырылып жатыр. Бұл бағытта бағдарлама біздің өзіміздің мемлекеттік стандарттың шеңберінде жүргізілуі қазір келіссөзде айтылып жатыр.
Шекара жағынан ең үлкен көршімізбен ортақ тарихымызда жоқ емес. Сондықтан қазір ғалымдарымыз да тізе біріктіріп жұмыс істеп жүр.
САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:
Жоба басталған "Ұлы Алтай" деген түркі көне тайпаларға қағандықтарға қатысты бірлескен зерттеулер бар. Ресей тарапынанда көптеген бізге көршілес аймақтарымызда батыс Сібірде, Алтайда жаңа экспедициалар археологиялық қазір жақсы нәтижелер шығып жатыр. Сондықтан солардың бәрін алмасу.
Достық пен тату көршілікке бағытталған бұл жұмыстар екі елдің берік қарым-қатынасын әрі қарай да нығайта түсетіні анық. Осылайша екі тарапта халықтарымыздың арасындағы достықты, тату көршілікті, этносаралық келісімді, өзара түсіністік пен сенімді арттыруға ниетті.