Русский Сайттың толық нұсқасы

Енді елімізде ескі автокөлік пен істен шыққан ауыл шаруашылығы техникасы қайта өңделеді

Енді елімізде ескі автокөлік пен істен шыққан ауыл шаруашылығы техникасы қайта өңделеді. Экология және табиғи ресурстар министрлігі заңға жаңа ереже енгізді. Бұдан бұлай бағдарлама 2 бағытта жүргізіледі. Қазіргі таңда қара металды қабылдайтын орындар іздестірілуде. Сосын барып ескі көлікті қабылдау басталады. Жарамсыз темір тұлпарын өткізіп болған соң оған өзі қалаған жаңа көлік немесе техника алуға жеңілдік сертификаты беріледі. Тек ол бір жылға ғана жарамды. Айта кетейік, көлігіңізден шыққан кәдеге жаратылмайтын қалдықтардың массасы 5 пайыздан аспауы тиіс. 

ТАЛҒАТ МАХАНОВ, «ЖАСЫЛ ДАМУ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Қара металдарды өңдеумен немесе қабылдаумен айналысатын кәсіпкерлік субьектілер осы бағдарламаның талабына сәйкес енді олар өздерінің ұсыныстарын береді, тіркеледі. Содан кейін барып екінші кезеңге өтеді. Яғни екінші кезең дегеніміз бұл жаңағы қара металдарды қабылдайтын кәсіпорындар нақтыланғаннан кейін жалпы ескі көліктерің немесе ескі ауыл шарушылығы техникаларын өткізетін қарапайым халық осы белгіленген кәсіп орындарға қара металдарды қабылдайтын соларға тапсырыс бере бастайды.