Русский Сайттың толық нұсқасы

«Мынаның әйелі бар емес пе?»: Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртасты жас қыздармен көргенде қандай күйде болатынын айтты

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2024
  • 127

Отандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде оқырмандарымен тілдесіп, Қайрат Нұртасқа қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында сұрақ-жауап айдарын ашып, оқырмандарымен тілдесті. Желі қолданушылары актрисаға басынан өткен ыңғайсыз жағдайлар туралы айтқан. Әбдікәрімова өз кезегінде оларға қатысты пікір білдірген. Оқырмандардың бірі оған күйеуі Қайрат Нұртасқа қатысты ыңғайсыз жағдайға куә болғанын жазған.

Ол "Қайратты жас қызбен көргенде, мынаның әйелі бар емес пе? деп қалдым" деп жазып жіберген. Жұлдыз Әбдікәрімова жолдасы туралы айтылған сөздерді де жауапсыз қалдырмаған.

"Мен де "кейде" солай ойлап қаламын. Неғылса, әйелі кім еді? Белгілеп кетіңіздерші", - деген жауап қалдырды актриса.