"Бір ел - бір мүдде". Астанада осындай атаумен жиын өтті. Онда этножурналистиканы және шетелдегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау мәселелері талқылады. Яғни білікті маман даярлау, қаламақы құнын өсіру, мемлекеттік наградаларға ұсыну секілді бастамалар көтерілді. Басты мақсат - этносаралық қатынастар саласындағы жұмыстың тиімділігін арттырып, келісім мен бірлікті одан әрі нығайтып, шетелдегі қазақ тілді медианы қолдау.
ЕРШАТ АСМАТОВ, "УЙҒУР АВАЗИ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ:
Мәдениет және Ақпарат министрлігі қолдау көрсетіп жатыр бар жағынан. Насихаттап әдістемеліктермен жаңа әртүрлі кеңестермен көмек беріп жатыр. Біз кішкене ынталандыру қажет журналистерді.
ӘЛІШЕР САТВАЛДИЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Бұндай деңгейдегі жиналыс соңғы 6-7 жылдан бері өтпеген. Ал шетелдегі қазақ тілді басылымдармен БАҚ мен жұмыс оданда көп 10 жылдан артық болған шығар өтпегеніне. Бұл өте маңызды мәселе. Өйткені сырттағы шетелдегі қазақ тілді басылымдар олар жұмсақ күш ретінде халықаралық қатынастар қарастыруға болады. Еліміздің иммиджін сыртта көрсетеді. Басқа елдердегі біздің қандастарымыздың өмір сүру деңгей соның барлығын осы жерден қарауға болады.