Русский Сайттың толық нұсқасы

Колумбияда 1400 тонна есірткі тәркіленді

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2024
  • 126

Колумбия билігі ондаған басқа елдермен бірлесе отырып, алты апта ішінде 225 тонна кокаин тәркіледі, бұл есірткіге қарсы операциялар арасында әлемдік рекорд болды. Бұл туралы The Guardian хабарлады.

Колумбия мен 62 мемлекет қатысқан алты аптаға созылған «Орион» операциясы барысында кокаин тасымалдаған 6 теңіз кемесі тоқтатылып, барлығы 1400 тонна есірткі, оның ішінде 1000 тоннадан астам марихуана және 225 тонна кокаин тәркіленді. Контрабанданың бір бөлігі Австралияға есірткі тасымалдаудың жаңа бағытына бара жатқан суасты қайығынан табылды.

Сондай-ақ, есірткіге қарсы операция барысында заңсыз қару-жарақ сатушылар мен иммигранттар контрабандасымен айналысқан 400-ден астам адам ұсталды.

Бұл операция Латын Америкасындағы картельдер үшін ауыр соққы болды. Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауы бойынша әлемде жыл сайын 2700 тонна кокаин өндіріледі. Колумбия билігі 2022 жылы 671 тонна кокаин тәркіледі.

– Бұл кокаин саудасының маңызды бөлігі. Бұл мыңдаған дозаланған өлімнің алдын алады және 8,5 миллиард доллардың картельдерге түсуіне жол бермейді, бұл осы қылмыстық ұйымдардың пайдасына келергі жасайды, – деді Колумбия Әскери-теңіз күштерінің есірткіге қарсы бөлімшесінің директоры, капитан Мануэль Родригес.

Родригестің айтуынша, заңсыз жеткізілімдерді тоқтату үшін серіктес елдер ұшақтарды, тікұшақтарды және фрегаттарды біріктірген, бірақ барлау мәліметтерімен бөлісу ең басты ұтымдылық болған.

Айта кетейік, Қазақстанда есірткі өндірушілеріне жазаны күшейтуге бағытталған маңызды заң жобасы талқылануда. Жазаны өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатайту ұсынылды.