Астанадағы 91 мектеп-гимназияның 5 «Б» сынып оқушысы Аланна Берікқызы шахматтан (U8-U12) Италияда өткен халықаралық жарыста екінші рет әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, бұл талантты шахматшының екінші үлкен жетістігі.
«Былтыр Аланна Грецияда 9 жасқа дейінгі шахматшылар арасында «әлем чемпионы» атағына ие болған еді», - деп хабарлады білім басқармасы.