Русский Сайттың толық нұсқасы

Газбен қамту объектілерін тексеру: 12 нысанның жұмысы тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 28 қараша 2024
  • 65

2024 жылы газбен жабдықтау объектілеріне 40 мәрте тексеру жүргізіп, тиісті талаптарды бұзудың 479 дерегі анықталды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Рашид Дубаев айтты, деп хабарлайды KAZINFORM.

«2024 жылы инспекторлар газбен жабдықтау объектілеріне 40 тексеру жүргізіп, 479 бұзушылықты анықтады. 12 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды, 12 нысанның жұмысы тоқтатылды. 2022-2023 жылдары 190-нан астам тексеру жүргізілді, 1 000-нан астам бұзушылық анықталып, 31 іс қозғалды», - деді ол ОКҚ алаңында. 

Спикердің айтуынша, газ жүйелерін тиімді және қауіпсіз пайдалану үшін мемлекет тарапынан бақылау ғана емес, профилактикалық іс-шаралар мен тұрақты тексерулер жүргізу де маңызды. 

«Биыл тұрғын аудандарда 500-ден астам айналым ұйымдастырылды, әсіресе ерекше назар аударуды қажет ететін әлеуметтік инфрақұрылым мен жеке үйлер тексерілді. Сонымен қатар газбен жабдықтаушы ұйымдардың қатысуымен 80-нен астам кеңес өткізіліп, әлеуметтік желілерде 800-ден астам материал жарияланды», - деді ол.

Сондай-ақ Рашид Дубаев бақылаушы органдар мамандарының біліктілігі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі факторы екенін айтты. 

«2021 жылдан 2024 жылға дейін біліктілікті арттыру курстарынан тұрғын үй инспекциясының 296 инспекторы, ал 2023 жылдан 2024 жылға дейін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы 80 инспектор өтті. Сонымен қатар олардың біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу үшін шетелдегі, атап айтқанда Ресей мен Беларусьтегі тар бағыттағы салаларда мамандарды оқыту мен тағылымдамадан өткізуді ұйымдастыру мүмкіндігі қарастырылуда», - деді Рашид Дубаев.