Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды, деп хабарлайды Astana TV.
Әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеді. Сондай-ақ суретші Әсел Сабыржанқызы Ресей Президентіне елімізге жасаған сапарына арнап салған картинасын сыйға тартты. Полотнода екі елдің достығы бейнеленген.