Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада күтуші әйел жарты млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2024
  • 122

Тергеу барысында жәбірленуші отбасының 29 жастағы елорда тұрғынын күтуші етіп жұмысқа алғаны анықталды, -  деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйел адам жарты жылға жуық жұмыс барысында жұмыс берушілердің сеніміне әбден кіріп, зергерлік бұйымдарды бірнеше рет ұрлағаны анықталды.

Ол ұрланған мүлікті ломбардқа тапсырып, алған ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 550 мың теңгені құрады.

Әйел адам өз кінәсін мойындады. Айғақты заттар алынды. Қазіргі уақытта оның басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Астана қалалық полиция департаменті тұрғындарға сақтық шараларын сақтауды ескертеді. Жалданған қызметкерлердің өмірбаяны мен ұсынымдарын мұқият тексеріңіз, құнды заттарды қараусыз қалдырмаңыз.