Дәл осы Ақтөбедегі бау-бақша ұжымының тұрғындары дәрігерге қарала алмай қиналып отыр. Тұрғындар 10 жылдан бері 4 шақырым жердегі емханаға қатынап, ем алып жүр. Автобусқа жету үшінде біраз жер жаяу жүретін тұрғындар, енді жақын жерден медициналық бөлімше ашылса екен дейді.
Бұл «Абрикос», «Черемуха», «Вишневый сад» бау-бақша ұжымында үш жүзге жуық үй, тоғыз жүзге жуық халық тұрып жатыр. Бұл жерге халық жиырма жыл бұрын қоныстана бастаған. Бірақ жақын жерде емхана жоқ. Тұрғындар дәрігерге қаралу үшін 4 шақырым жердегі емханаға қатынауға мәжбүр.
ҒАЙНИ ІЗМАҒАМБЕТОВА,ТҰРҒЫН:
Мен әсіресе екі күннің бірінде ауырып қаламын. Система, укол алуым керек. Өнемейін мені больницаға жатқызбайды. Менде ревматоидный артрит. Тек алты айсайын больницаға жатқызады. Ал оған дейін он өліп, он тірілемін. Өте қиын.
ГҮЛСІМ БЕРДЕШОВА, ТҰРҒЫН:
Бізге ауырған кезде қиын. Больницаға бару қиын. Немерелеріміз бар кішкентай кеше неше күн ауырып, құсып жатты мына баламда үйден емдеп, неғылдық. Сосын осы жерге автобус кірсе дейміз бізге.
Емхананың жоқтығы әсіресе кішкентай балалар мен қарияларға қиын болып тұр. Бау-бақша ұжымына автобуста келмейді. Қоғамдық көлікке міну үшінде халық бірталай жерді жаяу жүреді.
СВЕТЛАНА АЙСАУЫТОВА, «АБРИКОС » БАУ-БАҚША ҰЖЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бесінші поликлиникадағы врачтар барлығы осында келсе, анализ барлығын осында тапсырып, хотябы медпункт врачтар келіп, медсестралармен анализ тапсыруға. Анализ тапсыру үшін сағат таңғы алты жарым жетіде барамыз. Сағат сегізге таман автобусқа мінеміз. Вообщем 1,5 сағат автобус күтеміз.
Әкімдіктегілер жағдайдан хабардар. Бұл бау-бақша ұжымында жекеменшік жер теліміне рұқсат берілмегендіктен қиындықтар туындап отыр.
МҰРАТЖАН ҚАЖҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Алматы ауданы әкімшілігіне ұсыныс тастаймыз. Егерде олар жер телімін тауып беріп жатса, ол жерге су, жарық жылу, канализация өткізілген болса, өткізу мүмкіндік жасалса сол шаруа шешілген жағдайда ғана біз медпункт орналастыра аламыз. Бұл сұрақты жоғары да басшыларға жеткіземіз. Қайта ораламыз бұл сұраққа, шешімін табамыз деп ойлаймын болашақта.
Сондай-ақ қоғамдық көлік мәселесін шешу үшін жауапты басқарма қосымша бағыттық автобус шығаруды қарастырылып жатыр.