Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда 260 әлеуметтік және көлік инфрақұрылым нысанына мониторинг жүргізілді

Жүз пайыз кедергісіз орта қалыптастыру. “AMANAT” партиясының Атырау облыстық филиалы “Кедергісіз келешек” жобасы аясында мүгедектігі бар жандарды қоғамға бейімдеу, өзіне деген сенімін арттырып, жан-жақты әлеуметтік қорғалуы бойынша нақты істердің ұйытқысы болып отыр. Партия жанындағы комиссия мүшелері жыл басынан бері облыс бойынша 260 әлеуметтік және көлік инфрақұрылым нысанына мониторинг жүргізген. Нәтижесінде жүріп-тұруға қолайсыз нысандар тізімі жасақталып, басшыларына кемшіліктерді жою бойынша ұсыныс берген. 

ҚУАНТАЙ БИСАЛИЕВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ АОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Әлеуметтік нысан болсын, кәсіпкерлік нысан болсын, мемлекеттік нысан болсын, бәрінде бір кемшіліктер - мүмкіндігі шектеулі жандарға кіруіне пандустары сәйкес келмейді. Кірген бойда тактильный тақталары сәйкес келмейді. +Кемшілік бар жерлерге ұсыныс беріп, қазіргі уақытта ол ұсыныстар кемшіліктер жойылды деп айтуға болады. Оның ішінде темір жол вокзалы бар қолайлы жағдай жасаған. Ренко қонақ үйі бар. Тағы да басқа нысандар кемшіліктерін жойып жатыр.