Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордалық ерікті жастар қарияларға қолқабыс қылды

Қызылордалық ерікті жастар қарияларға қолқабыс қылды. Олар бір күнге 4 ардагердің үйлерін жинап, аулаларын тазалап берді. Солардың бірі - Матриона Овчинникова. 83 жастағы кейуана 1 топ мүгедегі. Отағасы да еңбекке жарамсыз. Жастардың шарапатын көрген қариялар оларға алғыстарын білдірді. Жалпы облыс бойынша 1200-ден аса ерікті жас көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын береді. Бұл «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ұйымдастырылуда. 

НҰРБОЛ СЕРІКБАЙ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Жастар ел болашағы ретінде осы үлкен кісілерімізге келіп көмектесіп жатырмыз. Отындарын бұтап бердік, көмірлерін тасып беріп жатырмыз, түсіріп беріп жатырмыз деген секілді. Колл центрге хабарласқан көмекке мұқтаж, мүгедектігі бар жандардың барлығына көмек көрсетеміз. Қазірге дейін 380 адам арызданып, көмек көрсетілді.