Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде дала жұмыстарына 700 млрд теңге бағытталған

Елімізде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында дала жұмыстарына 700 млрд теңге бағытталған. Оның 560 млрд теңгесі капиталдың нарықтық көздерінен тартылатын болады. Бүгіннен бастап «Кең дала 2» бағдарламасы негізінде қаржыландыру тетігі іске қосылды. Қаражат «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жылдық 5 пайыз сыйақы мөлшерлемесімен беріледі. Қазір 684 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден шамамен 82 млрд теңгеге өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды. Оның 176-сы жұмысқа қабылданды. Тағы 509 өтініш бойынша 59,9 млрд теңгеге құжаттар жиналады. Айта кетейік, өтінімдердің басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының фермерлерінен келіп түскен. Жедел қаржылық қолдаудың арқасында шаруалар дала жұмыстарына қажетті барлық істі сапалы жүргізуге мүмкіндік алады.