Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбылда жастар «Өз құқығымды қорғаймын» атты байқауда бақ сынады

  • AstanaTV
  • 29 қараша 2024
  • 88

Жамбыл облысында «Өз құқығымды қорғаймын» атты байқау өтті. Жастар арасында ұйымдастырылған шараға төрт өңірден 40-тан астам адам қатысты. Сайыстың өтуіне Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мұрындық болды. Байқауда Абай, Ақтөбе, Ақмола облысы мен Астана және Тараз қалаларынан әр түрлі салада еңбек ететін азаматтар құқықтық сауаттылығын артырудан өзара жарысты. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Қатысушылар білімін құқықтық тест арқылы анықтап, аталған тақырыпта эссе жазып, заң аясында мәселенің шешу жолын ұсынып, оны қорғады. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жалпы жүлде қоры 2 миллион теңге. Айта кетейік, «Жаңа-Ру» жастар коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігіні аталған аймақтың барлығында «Көшпелі заң көмегі керуені» заңгерлік кеңес беру алаңдарында, «Өз құқығыңды біл» тақырыбында семинарларын өткізген болатын. 

САҒАТ ЖАНАЛИЕВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Жобаның мақсаты құқықтық сауаттылықты арттыру бірінші ең негізгі мақсаты. Екінші міндеттерінің бірі құқұққа деген қызығушылықты артыру. Азаматтардың құқықтық немқұрайлығынның алдын алуға байланысты, яғни өзінің құқығын қорғау таныстарының немесе білгілі бір мәселеге кезіккен кезде құқықтық шешімдерді білу.