Instagram мен Facebook желісіндегі қазақстандық әндер жоғалып кетті. Іздеу жүйесінде де жоқ, сториске жүктеу үшін де пайдалануға шектеу қойылды. Платформалардағы өзгерістің себебін Қазақстан авторлар қоғамы баспасөз мәслихатында түсіндірді. Ұйым өкілдерінің айтуынша, Meta компаниясы мен Қазақстан авторлар қоғамы арасындағы келісімшарт уақыты аяқталған. Айта кетейік, келісімшарттың ұзартылмауының басты себептерінің бірі - Meta компаниясының қазақстандық әртістердің музыкасын пайдалануға қомақты қаламақы төлемеуінде. ҚазАҚ төлем көлеміне көңілі толмай, отандық музыкалар желілерден уақытша өшірілген. «Қазіргі таңда қазақстандық әртістердің туындыларын қайтару үшін жаңа келіссөздер жүргізіліп жатыр» - дейді Авторлық қоғамы өкілдері.
АЙНУРА ЕСЕНДІКОВА, «ҚазАҚ» РҚБ БАС ДИРЕКТОРЫ:
У нас закончилась соглашение\ Біздің келісімшарт аяқталғандықтан, Мета компаниясы біздің Авторлық қоғам каталогындағы қазақстандық әртістердің тректерін әлеуметтік платформаларда қолдануға құқықтары жоқ. Дегенмен, кей музыкалар әлі де қолжетімді. Осыған қатысты өзара жаңа келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ұсыныстар жіберіп қойдық.