Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда ЖЭС-да мұржаның опырылып түсуі техникалық талаптардың сақталмауынан болуы мүмкін - Қ.Бозымбаев

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2017
  • 2517

Қызылорда жылу электр станциясында болған апатқа техникалық талаптардың сақталмауы себеп болуы мүмкін. Мұндай болжамды Энергетика министрі айтты. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, қазір комиссия құрылып, жұмысқа кірісіп кеткен.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Менің білуімше, жылу электр станциясының ол бөлігі 10 жылдан бері істен шыққан. Аумақта артық құрылыс нысандарын бұзып жатқан. Егер адам өлімі тіркелсе, яғни техникалық талаптар толық сақталмаған болуы мүмкін. Сондықтан комиссия істің анық-қанығын біліп, тиісті шешімін шығарады.

Айбек ҚОСАН