Русский Сайттың толық нұсқасы

Өгей шешесінің қолынан мерт болған балаға қатысты сот жалғасты

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2017
  • 3918

Өгей баласын өлтірді деп күдікке ілінген Шарипа Ақбердиева кәмелетке толмаған 3 баланың анасы болып шықты. Бүгін осы іске қатысты сот отырысы жалғасты. Айта кетейік, күдіктілерге төрт бірдей баппен - адам өлтіру, адам ұрлау, кәмелетке толмаған баланы қылмысқа тарту, ұйымдасып қылмысқа бару сияқты айыптаулар тағылған. Бүгін сотта жәбірленуші тарап пен куәгерлер тыңдалды. Бірақ сот бүгіннен бастап жабық өтетін болды. Айгүл Ермахан толықтырады.

Айгүл Ермахан, тілші:

Айып үстелінде отырған бестік бүгін сот алдында өздерін таныстырды. Шарипа Ақбердиева мен оның балалары - Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Баланы өлтірді деген күдікке іліккендер. Сабақтан шыққан өгей баланы ұрлап әкеткен топ, оны саяжайлардың бірінде өлтіргені анықталған еді. Полиция көп ұзамай, қылмысқа барған Өркен Азаматұлының өгей шешесі екенін анықтады. Істеген ісіне жеңіл жаза алғысы келді ме, Шарипа судьяға кәмелетке толмаған 3 баласының бар екенін айтты. 

Шарипа Ақбердиева, айыпталушы:

Азаматұлы Дінмұхаммед 2007 жылғы 15 март, қазіргі уакытта интернатта, бірақ Азамат өз қарамағына алды. Азаматқызы Нұрай әкесінің қарамағында. Кызымның баласы бар, өзімнің атыма алынған. Ол қазір дом малюткида. Кәмелеттік жасқа толмаған балам бар, ол ауылда бауырымның қолында. -Аты кім? - Дастан. Өз әкесіне  кетті деді, бірақ өз әкесі алған оны.

Сотта жапа шегуші тарап пен куәгерлер мәлімдемесі тыңдалды. Жәбірленушілердің туыстарының айтуынша, Шарипа бұған дейін өзін басқа атпен таныстырып келген. Оның есімі Шарипа екенін сот залында білдік, дейді. Ал көршілерінің айтуынша, қылмыс болатын күні Шарипа Ақбердиева мен оның сыбайластары құрал-сайман сұрап барған.

Серік, куәгер:

Айтыңызшы, не деп алды олар сізден күректі? - Есік алдын тазалаймыз деді, мұзды оямыз деді. Лом сұрады. -Сосын сіз барған кезде не болды? - Барған жоқпын, көрген жоқпын. Өзі әкеп тастады.

Айман Омарова, жәбірленуші тараптың адвокаты:

Бас бостандығынан айыру мерзімі өмір бойына, не болмаса 20 жылға темір торға тоғытылуы мүмкін. Өркеннің әжесі оларды ешқандай кешірмейді. Өйткені ол оның сүйікті немересі болатын. Ол Өркенге ана да, әке де болды. Сондықтан соттан өмір бойына жаза кесуін сұрайды.

Айгүл Ермахан, тілші:

Өркенді өлтіруге не итермелегенін айыпталушылар сот алдында енді айтатын болады. Кезекті сот отырысы ертең қайта жалғасады.

Айгүл ЕРМАХАН