Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте компания директоры пара беруге оқталғаны үшін 195 млн теңге айыппұл төлейтін болды

  • AstanaTV
  • 30 қараша 2024
  • 58

Шымкентте пара бермек болған компания директорына сот үкімі шықты. Әйел енді қомақты айыппұл төлеуі керек, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Серіктестік директоры қызметін атқарып жүріп спирт өндірумен, сақтаумен және өткізумен ұштасқан кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыру барысында заңсыз әрекеті бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен қылмыстық іс қозғалғанынан хабардар болып, қылмыстық жауапкершілікке тартылмау және жалпы қамқорлық үшін департаменттің 1-Басқармасының басшысы, лауазымды адамға айтарлықтай мөлшерде пара беру мақсатында 2024 жылдың мамыр айында, соңғыға 20 000 АҚШ доллары /ресми бағаммен 8 788 000 теңге/ және 1 000 000 теңге ақша қаражатын пара ретінде беру барысында ұсталып, өзіне байланысты емес мән-жайлармен қылмыстық ниетін жүзеге асыра алмаған", - делінген хабарламада.

Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді.

"Т. ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 20 еселенген мөлшерінде 195 641 856 теңге айыппұл жазасы тағайындалды", - делінген сот үкімінде.

Үкім заңды күшіне енбеді.