Оралда
үш ауысымдық мектептер мен апатты күйдегі білім ошақтарының мәселесі оң шешімін
тауып келеді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы «Нұр Отан»
партиясының фракциясы жанындағы «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту»
комиссиясының мүшелері мәлімдеді.
Бүгін
комиссия мүшелері «Нұрлы жол» бағдарламасына Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың
қалай жұмсалып жатқанына бақылау жүргізді. Құрылыс басына барып, жағдаймен
танысты. Қазір Оралда "Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту" бағыты
бойынша Ұлттық қор қаржысына 4,3 миллиард теңгеге 4 мектеп салынып жатыр. Бұл
білім ошақтары пайдалануға берілгенде мұнда 2 мыңнан аса бала оқитын болады.
Бүгінде қаладағы 48 мектепте 40 мыңнан астам оқушы білім алады. Мектептердің
90% екі ауысыммен жұмыс істейді. Өйткені қала жыл санап өсіп, оқушы саны да
көбейіп келеді. Сондықтан білім ошақтары ешқашан артық етпейді. Әрі осы
мектептер уақытында тапсырылса, өңірдегі апатты және үш ауысымды оқыту
жойылады, дейді комиссия мүшелері. Дегенмен, қиындықтар да жоқ емес.
Ляна Тұрсынова, "Нұр Отан" партиясы БҚОФ фракциясы жанындағы комиссия төрайымы:
Қазір өңірдегі құрылыс нысандарында мамандар тапшылығы байқалып отыр. Сылақшы, қара жұмысшы, қала берді краншылар мен арнайы техниканың да жетіспейтіні айтылды. Бірақ осыған қарамастан, бөлінген қаржының игерілуі уақытылы, кестеге сай.
Еркін
КАРИН