Русский Сайттың толық нұсқасы

Жас мемлекеттік қызметкерлердің алғашқы басқосуы өтті

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2017
  • 3017

Мемлекеттік қызметке келген жастарға кәсіби даму үшін не қажет? Осы және өзге де мәселелер Қызылордада өткен жас мемлекеттік қызметшілер слетінде айтылды. Оған Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облысынан 300-ге жуық делегат қатысты. Слет аясында жас мамандар форумы да өтті. 

Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты. Аймақ басшысы жиынды ашқанда Мағжан Жұмабаевтың осындай жастарға сенгенін айтты. Қазіргі қоғам жаңашыл, жасампаздық және діттеген мақсатына жетуді көздейтін жастарды қажет етеді.

Әсел Ізтілеуова, Ақтөбе облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасының бас маманы:

Бұл алдымен тәжірибемен алмасу. Біз, мысалы, өзіміздің бағытта Қызылорда облысында қандай шара, қандай жоба бар екенін білеміз. Меніңше, бұл форум аса қажет және бұл жалғасуы тиіс. 

Қызылордалықтардан үйренер нәрсе көп. Барлығын қызықтырып отырғаны - «Жас мамандар қоры» жобасы. Бұл «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастамасы.

Алмас Нұрғали, ОҚО мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бас маманы:

Ол мамандарды облыс бойынша мемлекеттік органдардың бос лауазымдарға тағайындауға ұсынады екен. Өте керемет тәжірибе. Бізде қазір талдап жан-жақты, жас мамандарды іздеп, солардын білімдерін айқындап, солардан резерв жасасақ деген үмітіміз бар, ниетіміз бар.

Абзал Мұхимов, Қызылорда облыстық мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы:

«Дипломмен ауылға» бағдарламасына ұқсас бір қолдаулардан күтілуі, немесе ауылдық жерлерде тұратын жас мемлекеттік қызметшілердің ауыл шаруашылық саласындағы кейбір кәсіптерді қоса игеруіне байланысты мүмкіндіктер туғызу жөнінде біраз сауалдар қойылды. Еңбек өтіліне байланысты сауалдар қойылды. Жалпы аймақ басшысы мен агенттік төрағасымен бірлесіп өткізген бұл шарасы, бірінші кезекте, жас мемлекететтік қызметшілердің алдында қандай кедергілер бар, қандай мәселелер бар, қандай шешілмей тұрған түйткілдер бар - соны анықтау болатын.

Төрт аймақтан келген 300-ге жуық мемлекеттік қызметші ашық форматтағы жиынды жалғастыруды қалап отыр. Ол кезде барлық өңірдің жас мамандары жиналуы мүмкін. Өйткені бұл пікір алмасып, тәжірибемен бөлісудің таптырмас құралы болып отыр.

Шарипа САҚТАПОВА