Алматыда ерлі-зайыпты зейнеткерлерді өлтірді деген күдікпен 56 жастағы әйел адам қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
89 жастағы әйел мен 87 жастағы ер адамның мәйіті қаладағы үйлердің бірінен табылған.
«Алдын ала мәлімет бойынша 56 жастағы әйел таныстарымен жанжалдасып қалып, артынша оларды өлтірген. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Түрксіб ауданының полиция басқармасы кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады», - деп мәлімдеді Алматының полиция департаменті.
Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.