Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда партиялық бақылаудың арқасында 40 нысан пайдалануға берілді

Атырауда партиялық бақылаудың арқасында 40 нысан пайдалануға берілді. “AMANAT” партиясының облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы құрылысы не күрделі жөндеуі созылып кеткен әлеуметтік нысандар мен партиялық жобалардың орындалысын бақылайды. 2022 жылдан бастап 54 партиялық бекет құрылған. Мәселен, нөмірі 27-інші орта мектеп күрделі жөндеуден соң былтыр желтоқсанда пайдалануға берілуі тиіс еді. Алайда құрылыс жұмысы тым созылып, алты айға кешігіп тапсырылды. Мердігер жеткілікті жұмысшы алмаған. Салдарынан партиялық бекет құрылып, түрлі білім ордасында бөлініп оқуға мәжбүр болған 1200 оқушы өз мектебіне оралды. Партиялық бақылау комиссиясы мүшелері сондай-ақ Құлсары қаласында су тасқынан зардап шеккендерге арнап салынған 100 үйдің құрылысы мен сапасын да қадағалап отырды. Қала маңындағы “Мирас” ықшамауданы халқының сұранысына сай жарықтандыру, жол белгілерін орнату, жолаушылар тасымалын реттеуге көмектесті. Жалпы қазына қаржысына салынып жатқан нысандар партиялық бақылауда.

НӘСІП ШАЛАБАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АОФ ЖАНЫНДАҒЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

 Бақылаған кезде шыққан кемшіліктердің бәрін жоймасақ, жұмыс жүрмейді әрине. Сондықтан біз міндетті түрде барып келіп , көріп кету емес. Протокол түрінде отырыс өткіздік. Білім саласы бойынша мектептің күрделі жөнеуі бойынша біз 3 отырыс өткіздік. Білім саласы басшысын шақырдық, құрылыс саласы басшысын шақырдық басқармасының. Соған байланысты партиялық бақылаудың арқасында осы жұмыстар биыл аяқталды.