Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда ауыл әкімі көлікті мас күйде тізгіндеген

Павлодарда ауыл әкімі көлікті мас күйде тізгіндеген. Онымен қоймай қызметтік темір тұлпарды түнгі уақытта пайдаланыпты. Қалқаман кентінің әкімін тәртіп сақшылары Ақсу қаласында тоқтатқан. Тексеру барысында әкімнің ішімдік ішкені анықталды. Сот оны 15 тәулікке қамап, көлік жүргізу құқығынан айырды. Ал тәртіп бұзған әкімнің ісін аймақтың әдеп жөніндегі кеңесі қарады. Оның бұл қылығы қызметіне лайық емес деп танып, жұмыстан босату туралы ұсыныс берілді. Ал ауыл әкімі өз кінәсін мойындап, өкінетіндігін жеткізді. Әкімнің бұл қызметке келгеніне 1 жыл да толмаған.

АСХАТ ЕСКЕНДІРОВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:

Ақсу қаласының әкімі Шәріповке ҚР Мемлекеттік қызмет жөніндегі заңның әдеп кодексінің талаптарын бұзу бойынша Ақсу қаласы Қалқаман ауылдық округінің әкімі Тілеуғали Кендебайға қатысты атқаратын мемлекеттік лауазымнан шығару түріндегі тәртіптік жаза қолданылсын. Орын алған заң бұзушылықтарға ықпал еткен себептер мен салдарды жоюға және алдыңғы уақытта болдырмау үшін шаралар қабылдансын